• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Маусым, 2024

Павлодар облысында жол апаты екі жасөспірімнің өмірін қиды

84 рет
көрсетілді

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайғылы оқиға 5 маусым күні Павлодар-Ақсу тас жолында сағат 16:30-17:00 аралығында болған.

2009 жылы туған кәмелетке толмаған бала скутермен шығыстан батысқа қарай бет алған. Ақсу қаласынан шамамен 3 шақырым жерде транспортты басқара алмай, жолдың оң жақ жолағында тұрған «КамАЗ» маркалы автомашинаның артқы бөлігіне соғылған. «КамАз» «Қазавтожол» ЖШС-не немесе «Кажсервис ДЭУ-62» ЖШС ПОФ-на тиесілі болуы мүмкін. Белгілі болғаны, шұңқырды айналып өтпек болған «КамАЗ» жолдың шеткі бөлігіне жылжыған.

Апат салдарынан 2008 жылы туған кәмелетке толмаған жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. 2009 жылы туған скутердің жүргізушісі Павлодардың бірінші қалалық ауруханасына жеткізіліп, есін жимастан көз жұмды. Кәмелетке толмаған екі оқушы да Ақсу қаласы №2 орта мектебінің 9-сыныбында оқыған.   

«КамАЗ» бен скутер айыппұл тұрағына жеткізілді.

«Павлодар – Ақсу автожолында кәмелетке толмаған скутер жүргізушісі мен оның жолаушысы қаза тапқан ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.