Оқиға 06 Маусым, 2024

Полиция дрон арқылы көлік қозғалысын бақылайды

195 рет
көрсетілді

Жамбыл облысының полицейлері тасжолдардағы көлік қозғалысын бақылау үшін дрон құралын пайдаланады, деп хабарлайды Egemen.kz.

6 маусымда өңірдің ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша,  жол қозғалысы ережелерін бақылау үшін дрондар қолданылады. Ол әсіресе фото және бейнетіркеудің автоматты кешендері жоқ жолдардың ең апатты-қауіпті учаскелерінде пайдаланылады. 

Дрон құралының көмегімен қарсы қозғалысқа шығу және жол белгілерін кесіп өтуге байланысты бұзушылықтар анықталады.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар