Жоғарғы сот Қаңтар оқиғасы кезінде кішкентай Айкөркемге оқ атты деген сарбаздың ісін қайта қарауға жіберді, деп жазады Egemen.kz.
Осы іс бойынша айыпталған әскери қызметкер Арман Жұманға 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілген еді.
«А.Жұманға қатысты қылмыстық іс құпия түрде қаралды. Кассациялық қадағалаудың қорытындысы бойынша төменгі тұрған органдардың сот актілерінің күші жойылды, іс апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберілді», делінген Жоғарғы сот хабарламасында.