• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Заң 07 Маусым, 2024

Оралда судья сот залында көз жұмды: Баласы 48 млн теңге өндіріп алды

272 рет
көрсетілді

Былтыр Оралда 10 наурыз күні судья Нұрлан Ғұбашев жұмыс орнында көз жұмған еді. Баласы осы іс бойынша сотқа жүгініп 48 млн теңге өндіріп алды, деп жазады Egemen.kz.

Тергеу барысында Нұрлан Ғұбашев баласының жалғыз асыраушысы болғаны анықталды. Алайда тергеу комиссиясы оқыс оқиғаның қызметке қатысы жоқ деген қорытынды шығарады. Бұл шешіммен келіспеген судьяның ұлы сотқа қайта шағымданды.

Бұл жолы  Нұрлан Ғұбашевтың қызмет барысында, нақтыласақ, сот процесін жүргізу барысында көз жұмғаны дәлелденді. Сондай-ақ осы кезеңде марқұм судьяның жүктемесі де талаптан көп болғаны белгілі болды. 

Сот Нұрлан Ғұбашевті қызметтік міндетін атқару барысында көз жұмды деп таныды. Судья ұлының талап-арызы қанағаттандырылып 48 млн теңге, 5 жылдық жалақыны өндіру үкімі қабылданды. Марқұмның айлық жалақысы 800 789 теңге болған.