• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Ғылым 07 Маусым, 2024

Тәжірибе шыңдайтын мектеп

84 рет
көрсетілді

Жас оториноларингологтердің Астана медицина универ­си­тетінде өткен «Плужников оқулары» алғашқы Еуразия халықаралық мектебінде» білгір мамандар бас қосты. Оқу орнының 60 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға зерттеушілер, ғалымдар, резиденттер, магистранттар, докторанттар қатысты.

Басқосуда Астана медицина университетінің басқарма төрағасы-ректор Камалжан Надыров Еуразия халықаралық мектебінің елдегі оториноларингология бағытына оң әсер ететінін жеткізді. Ол жас мамандарды осы мүмкіндікті барынша тиімді пайдалануға шақырды.

«Университеттің 60 жылдық мерейтойы аясында өтіп отырған «Плужников оқуларының» мәні бөлек. Өйткені, жас отори­но­­­ларингологтердің алдында Еуропа, Мысыр, Сингапур, Орталық Азия елде­рі мен Ресей­дің белгілі ғалым­дары баян­дама оқиды. Тәжіри­бе­сін бөліседі. Шетелдік сарап­шы­лардың кәсіби көз­қара­сы Қазақстанға пайдасын тигізеді деп сенеміз. Осы арқылы маңызды сала дамып, білікті дәрігерлердің қатары артады деген ойдамын», деді Камалжан Талғатұлы.

Жиында еліміздің дәрігер­лері шетелдік танымал ғалымдар мен сарапшылардың баяндамаларын тыңдады. Ғалымдардың саладағы озық жетістіктерімен танысып, білікті мамандармен емен-жарқын пікір алыс­ты. Сонымен бірге осы іс-шара барысында Президент Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының ото­ларингологиялық клиника­сында, Астана қаласы әкім­дігінің №1 көпсалалы қалалық ауруханасының Отори­но­ла­рингология орталы­ғында лор ағзаларының заманауи эндоскопиялық хирургиясы жөнінде кәсіби кеңес беріліп, шеберлік сағаты өтті.