• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 08 Маусым, 2024

Баспана құрылысы жұмысымен танысты

178 рет
көрсетілді

Көктемде су тасқыны­ның зардабын тартқан аймақтың бірі – Солтүс­тік Қазақстан облысы. Төтеннен төнген қауіп­тен абдырап қалған те­ріс­кейдегі жұрттың осы күні шы­ғыны өтеліп, мал-мүлкі тү­генделіп жатыр. Апат сал­дарын жою және зардап шеккен тұрғындарды баспа­намен қамту жұмыс­тары­ның алғашқы нәтижесімен танысу үшін аталған өңірге Премьер-министр Олжас Бектенов арнайы барды.

Үкімет басшысы Петропавл қа­ла­сындағы «Бірлік» шағын ауданын­да жаңадан бой көтерген үйді аралап, жаңа баспана кілтін алған отбасы мүшелерімен әңгіме­лес­ті. Олжас Бектенов ауқымды су тасқынының салдарын жоюда түсіністік танытып, көмектес­кені үшін тұрғындарға алғысын білдірді. Құрылыс қарқыны мен пайдалануға берілген тұрғын үйдің сапасы, сондай-ақ су тасқынынан кейінгі кезеңде тұрғындарды қолдау мәселесі талқыланды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың барлығының баспанасын қалпына келтіру мәсе­лесін ерекше бақылауда ұстап отыр. Солтүстік Қазақстан облы­сы қаладағы су басқан ықшам аудан­дардағы үйлердің құрылы­сын алғашқылардың бірі болып аяқ­тады. Біздің басты міндетіміз – зардап шеккендердің барлығын суық түскенге дейін үйлеріне көшіру», деп атап өткен Олжас Бектенов әкімдікке іргелес аумақты абаттандыруды тапсырды.

«Бірлік» шағын ауданында барлығы 700 үй мен 90 орындық бала­бақша салынып жатыр. Жа­қын­да ғана отбасыларға қоныс­тану үшін 53 үйдің кілті берілді. Маусым айының соңына дейін тағы 47 үй беру жоспарланса, 600 үйдің құрылысы биылғы тамыз айының соңына дейін аяқталады. Бірлік ықшам ауданы қажетті инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілген, топырақты жолдар салынып, серуендеуге және демалуға арналған аймақтарды абаттандыру жүргізіліп жатыр.

Салынып жатқан құрастырма­лы-қалқанды үйлердің сапасы мен технологиясына ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда 100-ден астам учаскеде іргетас қаланып, конс­­трукциялар құрастырыла бас­та­ды, сонымен қатар сумен жаб­дықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ сапар барысында Олжас Бектенов қалпына келтіруге жататын үйлерді жөндеу жұмыстарымен таныс­ты. Солтүстік Қазақстан облысы – су тасқыны салдарын жоюға механикаландырылған бригадалар тартылған жалғыз өңір. Мә­селен, тек Ойқала шағын ауда­нын­да 1 133 үй су басу аймағын­да болды, оның 309-ы жөндеуді қажет етеді. Жұмыстарды 24 мехбригада кезең-кезеңімен орындап жатыр, Петропавл бойынша барлығы 85 осындай құрама бар. Қазіргі таңда едендерді ауыстыру, қабырғаларды сылау, гипс қатырмасын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Премьер-ми­нистр меншік иелері өтемақы түрінде төленген қаражатқа өз­дері жөндеу жұмыстарын жүргізе­тін жеке тұрғын үйге де барды. Олжас Бектенов Үкіметтің негізгі міндеті – барлық эвакуацияланған тұрғындарды өз үйлеріне қайтару екенін атап өтті, бүгінде 64 мың адам өз үйлерінде тұрып жатыр.

Сонымен қатар Үкімет басшысы өңірдегі егіс науқанының қорытындысымен танысып, диқандармен және малшылармен кездесті, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын өндіру зауытында болды.

Сапар барысында Олжас Бек­тенов «Дайындық Агро» ЖШС ал­­қап­тарын аралап көрді. Серік­тес­тік биыл 7,5 мың гектарға жуық алқап­қа егін сепкен. Мемлекет бас­шы­сының дара дақылды егіс­тен бас тарту мақсатында ауыл шар­уа­шылығы дақылдарын әр­та­рап­тандыру жөніндегі тапсыр­ма­сына сәйкес, биыл мал азығына арнал­ған алқаптар 3 есеге ұлғайтылды.

Ірі агроқұрылымдардың өкіл­дері­мен кездесуде егіс науқаны мәсе­лелері және АӨК-ті қолдау шара­лары талқыланды. Өңір жыл са­йын елдегі жалпы астық көле­мінің 25%-ына дейін және майлы да­қы­л­дардың үштен бірін қамта­ма­­сыз ету арқылы осы салада көш­бас­­шы болып отыр. Егіс науқаны жа­­қын күн­дері толығымен аяқта­ла­ды. Бү­гінгі таңда 2,3 млн га алқап­­қа жос­парланған минералды ты­­ңайт­­­қыш көлемінің 65%-ы ен­гі­зіл­­ді. Атал­ған іс-шаралармен бар­­лығы 3 млн га егіс алқабы қамтылады.

Жалпы, еліміздің диқандары көктемгі егіс жұмыстарын уақ­тылы әрі сапалы өткізу мақсатында барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз етілгені атап өтілді. Мәселен, Азық-түлік корпорация­сы 6,4 млрд теңгеге 44,8 мың тонна бидай көлемінде тұқымдық ма­те­риалға тауарлық несие берді. Литрі 250 теңге болатын 376 мың тонна жеңілдікті дизель оты­ны бөлінді, бұл нарық­тық ба­ға­дан 15%-ға төмен. Отан­дық тыңайт­қыш­тар үшін 60% ұлғайтылған нормативті көздей­тін аванстық субсидиялаудың жаңа тетігі енгізілді. Отандық тыңайтқыш өндірушілермен бөліп төлеу мәселесі пысықталды.

«Біз бүгінде әлемдік нарықта сұранысқа ие экологиялық таза, табиғи ауыл шаруашылығы өнім­дерін өндіреміз. Мемлекет та­рапы­нан агроөнеркәсіп кеш­е­ніне жеңілдетілген несие беру және суб­сидиялау түрінде үлкен қол­дау көрсетіліп жатыр, олардың көлемі жылдан-жылға артып келеді. Со­ны­мен қатар ауыл шаруа­шы­лы­­ғын­да шығарылатын бар­лық өнім­ді өңдеу және экспорт­тау ма­ңызды. Ол үшін еңбек өнімді­­лі­­гін тұ­рақты түрде арттырып, жаңа тех­но­логиялар мен тәсілдер­ді енгізу қажет»,  деп атап өтті О.Бектенов.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша былтыр заманауи сүт-тауар фермаларын салуға 100 млрд теңге жеңілдетілген несие қаражаты бөлінген болатын. Тауар өндірушілерге тек сүт өндіру мен өткізу үшін субсидия түрінде жыл сайын 24 млрд теңгеге жуық қаржы аударылады.

Премьер-министр «Иван Зенченко» ірі сүт-тауар фермасы­ның мысалында өңірдің сүт өнер­кәсібінің әлеуетін одан әрі кеңейту мәселесіне баса назар аудар­ды. Онда технологиялық үдеріс­тер мен шығарылатын өнім түр­лері қаралды. СҚО-да елі­міз­де шы­ға­ры­латын сүттің жал­пы көлемінің 13%-дан астамы өндіріледі.

Малшылар күні кәсіби мере­кесі қарсаңында Олжас Бек­тенов өңірдегі ірі мал шаруа­шылығы өкілдерімен кездесіп, олар­мен саланы одан әрі дамыту келешегін талқылап, ауыл ша­руашылығы жалпы өнімі­нің 49%-дан астамы мал шаруа­шы­лығының үлесіне тиесілі екенін атап өтті.

Солтүстік Қазақстан облысында Олжас Бектенов неміс тех­ноло­гиясы бойынша ауыл ша­руа­шы­лығы техникасы құрас­тыры­латын CLAAS зауытында болды. Кәсіпорын сұранысқа ие көпте­ген ауыл шаруашылығы техни­ка­ларын шығарады. Биыл нарық­ты 523 жаңа техникамен, атап айт­сақ: 103 трактор, 180 комбайн, 165 дестелегішпен және 75 егіс кешенімен қамтамасыз ету жос­парланып отыр.

«Қазақстандық фермерлер ара­сында жоғары сапалы ауыл ша­руашылығы техникасына сұ­раныс артып келеді. Енді ком­па­ния­ның міндеті – өндірісті ло­к­а­ли­зациялау деңгейін жыл са­йын арттыру. Өнеркәсіп және құры­лыс министрлігі бұл мәселені бақы­лау­да ұстауға тиіс», деді О.Бектенов.