• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Маусым, 2024

Ақтау маңында жол апатынан екі оқушы қаза тапты

1893 рет
көрсетілді

Ақтау маңында жол апатынан екі оқушы қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Lada. kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға сенбі, маусымның 8-і күні Ақшұқыр ауылының 21-ші шақырымында болған. Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға кезінде көлікте төрт мектеп оқушысы болған. Апат салдарынан 2008 және 2009 жылы туған екі бала қаза тапты.

Аман қалғандарға медициналық көмек қажет болды. Бір жәбірленуші ауыр жағдайда реанимацияда жатыр, екіншісі ауруханаға жатқызуды қажет етпей үйіне жіберілді.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі адам өлімімен аяқталған жол апатына қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Соңғы жаңалықтар