• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Маусым, 2024

Алматы облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды

75 рет
көрсетілді

Алматы-Өскемен тасжолының 55-шақырымында жол апаты болды. Оқиға салдарынан бес адам қаза тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Nissan Primera жүргізушісі рульді басқара алмай, жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылды. Жүргізуші мен төрт жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. 12 жастағы кәмелетке толмаған ұл бала Қонаев қаласының ауруханасына жеткізілді», делінген хабарламада.Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.