• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Саясат 11 Маусым, 2024

Серіктестікті нығайту әлеуеті

50 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Жапонияның Парламенттік Сыртқы істер вице-министрі Ёичи Фуказавамен келіссөздер өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан-Жапония ынтымақтастығының өзекті мәселелері қозғалды. Та­раптар 2024 жылғы 6 маусымда Астанада Жапония вице-министрінің қатысуымен өткен Халы­қаралық ғылыми-техникалық орталықтың 30 жылдығына ар­налған іс-шараның сәтті ұйым­дастырылғанын құптады.

Сондай-ақ кездесу барысында Қазақстан мен Жапонияның осыған дейінгі аталған Орталықтың дамуына қосқан үлесі және алдағы өзара іс-қимылдардың жолдары талқыланды. Тараптар ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы халықаралық қауіпсіздік мәселелері сияқты басым салалардағы өңірлік және халықаралық форматтағы өзара серіктестіктің бағыттарын қарастырды.

А.Рахметуллин Қазақстанның БҰҰ және МАГАТЭ сияқты көпжақты құрылымдар аясындағы үйлестіруді нығайтуға мүдделі екеніне назар аударды.

Ё.Фуказава осы салалардағы оң әлеуетті ескере отырып, елдер арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастарды нығайту мүмкіндігін атап өтті. БҰҰ институттары мен басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара қолдауларға ерекше назар аударылды. Кездесу соңында тараптар екі елдің Сыртқы істер министрліктері деңгейінде диалогті жалғастыруға келісті.

Халықаралық ғылыми-техни­калық орталық – 1992 жылы құрылған үкіметаралық ұйым. Орталықтың бас кеңсесі Астана қаласында орналасқан. Ұйымның негізгі қызметі ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жобаларды басқару болып табылады.