• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Маусым, 2024

«8 сағат суда болған». Каспий теңізінде ағын алып кеткен 2 адам құтқарылды

168 рет
көрсетілді

Каспий теңізінде ағын алып кеткен екі ер адам сегіз сағаттан соң құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Осы түні 1998 және 1996 жылы туған екі жергілікті тұрғын supboard-пен сырғанауға теңізге барған. Ағынмен жастарды теңізге алып кеткен еді. Іздестіру жұмыстары 8 сағатқа жуық созылды. Жұмысқа құтқарушылардан басқа, әскери теңізшілер де тартылды, олар таңға қарай жағалаудан 5 шақырым жерде Көгілдір айлақ аумағында жоғалған адамдарды тапты», делінген ақпаратта.

Ер адамдардың жағдайы тұрақты. Олар Ақтау портына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді.