• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Маусым, 2024

Қостанайда терроризмді насихаттаған азамат қамауға алынды

85 рет
көрсетілді

Қостанайда полицейлер терроризмді насихаттап, діни араздықты тудырғаны үшін жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті 12 жылға, ал діни араздықты тудырғаны үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қостанай облысы ІІД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында 30 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

«Радикалды діни идеологияны ұстана отырып, ол өз ортасы мен әлеуметтік желілерде басқа діндердің азаматтарының төмендігін насихаттайтын және діни себептермен зорлық - зомбылыққа шақыратын материалдарды таратты», деді басқарма бастығының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті