• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Маусым, 2024

Әскерилер арасында ойынқұмарлықты азайту мәселесі талқыланды

182 рет
көрсетілді

2024 жылғы 11 маусымда Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасының бастығы полковник Мұхамед-Қали Қарсыбековтың төрағалығымен Ақмола гарнизонының әскери құрылымдары өкілдерімен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведоствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Жиында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 мамырдағы №432 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024 – 2026 жылдарға арналған кешенді жоспары» талқыланды.

Бүгінгі күні әскери қызметшілер арасындағы ойынқұмарлықтың алдын алу өзекті мәселелердің бірі. Профилактикалық  іс-шаралардың  барлық түрлерін қолдану, жеке құрам арасындағы түсіндірме жұмысын жүргізу, бейнероликтер көрсету арқылы ойынқұмарлық салдарынан жасалатын қылмыстардың, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу арқылы олардың санын төмендету мақсаты қойылды.

Әскери қызметшілер арасында ойынқұмарлықтың ықпалымен жасалатын құқық бұзушылықтардың санын азайту, жеке құрам арасында барынша насихаттау-ақпараттандыру жұмысын жүргізу басты назарға алынды.

Ойынқұмарлықтың алдын алу арқылы әскери қызметшілерді әлеметтік оңалту  үдерісіне үлес қосу жұмысына назар салу. «Сенім телефондарының» жұмысы арқылы профилактикалық іс-шараларды толыққанды жүргізу.

Отырыс соңында төрағалық етуші полковник Мұхамед-Қали Қарсыбеков Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының жеке құрамына аталған шаралар арқылы кешенді жоспардың талаптарын жеткізу және олармен жұмыс істеуді бақылауды тапсырды.