• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Туризм 11 Маусым, 2024

Ел азаматтары тағы бір елге визасыз саяхаттай алады

80 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан мен Марокко корольдігінің үкіметі арасындағы Ұлттық/жалпы төлқұжаттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы үкімет қаулысын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Келісім бойынша екі елдің азаматтары бір-бірінің еліне визасыз 30 күн жүре алады. Яғни 3 ай сайын 30 күннен жүруге рұқсат.

Алайда іскерлік мақсатта, жұмысқа тұру немесе оқу үшін 30 күннен көп жүру үшін дипломатиялық органдардан тиісті визаны алуы керек.

Сыртқы істер министрлігінде атап өткендей, келісім Қазақстан мен Марокко арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және ұлттық/жалпы азаматтық төлқұжаттардың иелері үшін визасыз тәртіп орнатуға мүмкіндік береді.

Құжат 25 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

Марокко – Солтүстік Африкадағы Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінің ортасындағы мемлекет.