Бұдан былай елордалық жедел жәрдем дәрігерлері пациенттерге таксимен де барады. Бұл хабарды Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады, деп жазады Egemen.kz.
Таксимен қатынайтын жедел жәрдем дәрігерлері 3-4 санаттағы шақыртуларға барады.
«Күту уақытын қысқарту мақсатында қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы көлік құралдарын жалдау шартын жасасты. Мұндай көлік құралдары жедел жәрдем бригадасы жеделдіктің 3-4 санаты бойынша шақыртуларға шығуы үшін қарастырылған. Аталған санаттар бойынша пациентті тасымалдау, сондай-ақ көлікті медициналық жабдықтармен жарақтандыру талап етілмейтінін атап өткен жөн», делінген Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабараламада.