Алматы-Шелек-Қорғас автожолында Toyota Hiace жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылып кетті, деп жазады Egemen.kz.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 12 маусым күні болған. Апаттан 4 адам оқиға орнында қаза тапты.
«Жүргізуші мен тағы екі жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды. Аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды», деді Алматы облысы полиция департаменті.