• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Маусым, 2024

Құлсарылық 2500 тұрғын баспанасын жөндеу үшін өтемақы алады

113 рет
көрсетілді

Құлсарыда 2500-ден астам тұрғын баспанасын қалпына келтіру үшін өтемақы алу туралы келісімге қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының ақпаратына сәйкес қазір 1931 тұрғынның жеке шотына ақша аударылған. Оның ішінде 996 адам тұрғын үй сатып алу үшін, 935 адам үйіне жөндеу жүргізу үшін қаражат алды.

«Біз Атырау шағынауданында бір жыл тұрдық. Тасқын кезінде үйіміз су астында қалды. Баспанамыз жаңадан салынғандықтан, сынақты көтеру оңай болмады. Әкімдік үйімді жөндеуге жұмсалатын шығынды өтеу үшін ақшалай өтемақы бөлді. Ұсынылған сомаға көңіл толғандықтан келісімшарт жасастық. Үш күннен кейін өтемақы шотыма түсті. Үйді жөндеуге кірісіп кеттік», деді Құлсары қаласы Атырау ықшамауданының тұрғыны Ескендір Ізмағанбетов.

Құлсарыда тасқын судан зардап шеккендерге арналған 100 үйдің құрылысы жалғасып жатыр. 5 бөлмелі әр үйдің ауданы - 100 шаршы метрді құрайды. Мұнда ас үй, екі жатын бөлме, қонақ бөлме және жуынатын бөлме бар. Үйлерді жергілікті құрылыс компаниялары салып жатыр.