• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Білім 14 Маусым, 2024

Жетісудан Польшаға дейін...

162 рет
көрсетілді

І.Жансүгіров атындағы Же­тісу университеті кейін­гі жылдары шетелдік әріп­тестерімен тығыз қа­рым-қатынас орната бас­тады. Ондағы мақсат – білім­герлердің біліктілігін шың­дау. Осы ретте оқу орда­сы­на Польшаның Слупск қала­сындағы Помор универ­ситетінің ректоры Збигнев Осадовский мен проректоры Данута Герчинска келді.

Кездесу барысында Жетісу уни­­­верситетінің басқарма төр­ағасы – ректор Ермек Бөрібаев пен Помор университетінің ректоры Збигнев Осадовский екі университет арасындағы ынтымақтас­тық жөніндегі меморандумға қол қойды. Польшалық деле­га­ция университеттің оқы­тушы-профессорлық құрамы­мен пікір алмасып, екі елдің білім және ғылым саласының дамуы туралы ой бөлісті.

«Бүгінгі кездесу екі жоғары оқу орны арасындағы байланысты ресми түрде бекітіп, алдағы уақытта білім және ғылым саласындағы бірлескен қызметімізге жол ашады. Студенттер, магистранттар, оқытушылар мен қызметкерлер оқу және ғылыми-әдістемелік жұмыстар үшін бірлескен жобалар, зерттеулер мен әзірлемелерді іске асыруға кіріседі. Біздің өзара ынтымақтастығымыз жемісті болады деп сенемін», деді ректор Е.Бөрібаев.

Меморандум аясында екі тарап академиялық ұтқырлық бағдар­ла­масымен оқытушылар мен студент­терді алмасу, бірлескен зерттеулер жүргізу және университеттің басқа да академиялық бағыттары бойынша жұмыстар жүргізуге келісті.

 

Жетісу облысы