Өткен түні Астана қаласының Сарыарқа ауданында жатақханаға айналдырылған екі қабатты үйден өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Өрт тұрғын үйдің және оған бекітілген бір қабатты жұмсақ жиһазды қалпына келтіру цехының шатырынан шыққан.
Өрттен 1935 жылы туған азамат зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.