• RUB:
    5.35
  • USD:
    467.29
  • EUR:
    501.03
Басты сайтқа өту
Спорт 17 Маусым, 2024

Еуропа кубогінде Қазақстан дзюдошысы топ жарды

64 рет
көрсетілді

15 маусымда Словенияда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогі басталды. Жарыста Қазақстан дзюдошысы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Kazakhstan Judo Federation мәліметінше, 60 келіге дейінгі салмақ бойынша Шерзод Давлатов алғашқы күні өткізген бес кездесуінің бәрінде жеңіске жетті.

Өз тобынан үздік шыққан ол жартылай финалда Нажи Дэвидті (Венгрия) ұтты. Ал финалда Дэвид Старкелден (Словения) басым түсті.

Еуропа кубогіне 29 елден барлығы 324 дзюдошы қатысып жатыр.