• RUB:
    5.35
  • USD:
    467.29
  • EUR:
    501.03
Басты сайтқа өту
Елорда 17 Маусым, 2024

Астанада тағы бір орталық көше жабылады

59 рет
көрсетілді

Астана қаласының әкімдігі Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейін Қабанбай батыр даңғылының бойындағы учаске толығымен жабылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеуге байланысты бүгін, 17 маусым сағат 10:00-ден 18 маусым сағат 07:00-ге дейін аталған жол учаскесі жабылады.

Әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістердің алдын алу үшін маршруттарын алдын ала жоспарлауды ескертті.