• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ғылым 18 Маусым, 2024

Ғалым-гидротехникке құрмет

218 рет
көрсетілді

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде көрнекті мемлекет және қоғам қай­рат­кері, ғалым-ұстаз Нариман Қып­шақбайұлының 90 жасқа толуына орай «Қалай кәсіби гид­ротехник болуға болады?» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді жүргізген KazNARU басқарма төр­ағасы-рек­тор, Ұлттық ғы­лым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев рес­публикадағы су қорын сақтау­дың ма­ңызын атап өте келіп, «Су ресурстары және суды пайдалану» кафедрасында ұзақ жылдар абыройлы еңбек еткен ғалымның су шаруашылығы саласын дамы­тудағы ерен еңбегіне тоқталды. Мерейтойымен құттықтап, сый-сия­пат көрсетті.

«Нариман Қыпшақбайұлының еліміздің су шаруашылығын да­мы­туға қосқан зор үлесін үнемі ықыласпен айтып жүреміз. Өйт­кені қайраткер еңбек жолын қара­пайым маман болып бастап, Мелио­рация және су шаруашылығы министр­лігінің басшылығына дейінгі нәти­желі жұ­мыстары әлі күнге дейін ауыл ша­руа­шылығының дамуына пайдасын тигізіп отыр. Тәуелсіздік жылда­рында Су кодексінің жобасын әзір­леуге жетекшілік етіп, Орталық Азия мемлекеттері, Ресей және Қытай арасындағы трансшекара­лық өзен­дердің суын пайдалану жө­­ніндегі халықаралық ұйымды құ­руға үл­кен үлес қосты. Сонымен қа­тар Халық­ара­лық Аралды құтқару қо­рын құру­ға белсенділікпен атсалы­сып, су қауіп­сіздігін сақтау, су нысандарын қорғау мәселелерінде барлық әріптесіне үлгі көрсетіп келеді. Тоқсанның төріне шыққан Нариман Қыпшақбайұлын барша ғалым әріптестерінің атынан зор денсаулық, қажырлы күш-қайрат тілейміз!», деді ректор.

«Жер мен су – Қазақстанның ең үлкен байлығы. Сондықтан табиғат байлығын көздің қарашығындай сақтауға тиіспіз. Менің су саласының инженерлігін таңдауым да жайдан-жай емес. Халқымыздың жақсы өмір сүруін қамтамасыз ете отырып, осы табиғаттың берген сыйын ресурсқа тиімді айналдыра отырып, көздің қарашығындай сақтауға міндетті екенімізді есте ұстауымыз қажет», деді Нариман Қыпшақбайұлы.

Дөңгелек үстел барысында «Water HUB» халықаралық зерт­теу орта­лы­ғының директоры А.Ряб­цев, Гео­графия институтының дирек­торы А.Медеу, У.Ахметсафин атын­дағы ­Гид­рогеология инсти­туты­ның дирек­­­торы М.Әбсеметов, Халық­аралық Арал­ды құтқару қо­ры­ның Қазақ­стан­да­ғы Атқарушы дирек­циясы­ның дирек­­торы С.Мұ­қатаев, Д.Қонаев ­атын­дағы ­­ҮАК филиа­лының дирек­торы ­М.Арыс­та­нов, «Казгипровод­хоз» ПК дирек­торы Р.Файзулдин және тағы да бас­қа аза­маттар ғалымд­ы мерейтойы­­­мен құ­ттықтап, еліміздегі ­су сала­сында туындап отырған өзекті ­мәсе­ле­лер мен оларды шешу жолда­­­рын талқылады.

 

АЛМАТЫ