• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағзым 17 Маусым, 2024

Парасаттың үлгісі

44 рет
көрсетілді

Зиялының алыбы, бекзаттың биігі, тектінің тұлпары, Алаш зиялылары мен ұлы әкесінің лайықты ізбасары Мұрат Мұхтарұлы Әуезов бақиға озды.

1990 жылы «Невада-Семей» аясында танысқан сәттен ізгілік пен ұлт­жандылық, парасат пен адам­сүйгіштік үлгісін көрсетіп келген асыл ағамен әр кездесу құнды еді.

Армандас болған алып абыз Төрегелді Шармановпен сыйластығы зиялылар үндес­тігінің үлгісі болды.

Сәтімжан Санбаев, Марат Сембин, Олжас Омарұлы секілді достарымен сұхбаттасу бақыты бұйырып, олардың Мұрат Мұхтарұлы туралы пікірлерін тыңдағанда ұлт мүддесі үшін жастайынан жасампаздықпен күрескен, даналық пен азаматтық бір бойында тоғысқан тұлғаның биіктігі айшықтала түсетін.

Мұрат Мұхтарұлы терең білім мен жоғары мәдениетті ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрекпен ұштастырудың үлгісі болды.

Жұма сайын ізгі тілегін жолдап тұ­рушы еді, ұлық Құрбан айт қарса­ңындағы қасиетті жұма күні мәңгілікке аттанды.

Ұлы азаматтың мұрасы, қайрат­керлігі, зиялылығы, парасаты ұлтпен бірге жасай береді.

 

Әлихан БАЙМЕНОВ,

қоғам қайраткері