ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты растады.
«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Есқалиев Ерхат Серікұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес ол 18 маусымнан бастап қызметінен босатылды, деді ведомство өкілдері.
Ерхат Есқалиев ЖШС-ні 2020 жылдың шілде айынан бастап басқарған.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауындағы компания жұмысында сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған еді.