2023 жылдың тамыз айында іске қосылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында 2,7 мыңнан астам белсенді жұмыс істеді, деп жазады Egemen.kz.
Олардың 7 млрд теңгеден астам сомаға тауарлар мен қызметтік бағаны көтерудің алдын алды.Мысалы, жемқорлыққа қарсы еріктілер Орал қаласы әкімдігінің 45 млн теңге сомасына бейнеконференцбайланыс жабдығын сатып алуын тоқтатты, себебі ұқсас жабдықтың нарықтық құны шамамен 4 млн теңгені құрайды.Шымкент қаласының еріктілері білім басқармасымен және бірнеше мектептермен жетім балаларға арналған жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша сатып алуды қайталау фактісін анықтады. Уақытылы ден қою нәтижесінде бюджет қаражатының 78 млн теңге сомасында тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді. Ал Түркістан қаласында еріктілер жылу энергиясын есептеу кезінде тарифтерді негізсіз көтеру фактісін анықтады. Көп қабатты тұрғын үйлерде есептеу құралдары орнатылғанына қарамастан, есептеу шаршы метрмен жүргізілген, бұл жылыту құнын өсіреді.Қабылданған шаралардың нәтижесінде 32 көпқабатты тұрғын үйдің 2 мыңнан астам тұрғынына шамамен 13 млн теңгеге қайта есептелді.Елордада еріктілер «Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша берілген 30 пәтердің жағдайын тексерді. Тексеру нәтижелері бойынша мердігерлер радиаторлар мен электр розеткаларының болмауы, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс-монтаж жұмыстары және басқа да кемшіліктерді түзетті.