• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Маусым, 2024

Ұлттық ұлан сарбазы жасөспірімді ажалдан құтқарып қалды

94 рет
көрсетілді

15 маусым күні кешкі уақытта ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, атап айтқанда әскери жасақ бастығы қатардағы Әлішер Махмет пен патрульдеуші қатардағы жауынгерлер Арсен Қази мен Ринат Досщанов қызмет атқару кезінде суға бата жаздаған оқушыны құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықталғандай, Ақбұлақ өзенінің жағасында жүрген қалалық №63 мектептің 10 сынып оқушысы өзеннің бергі бетінен арғы бетке дейін жүзіп өтпек болған. Салдарынан оқушы судан өз бетінше шыға алмай қалған.

Осы уақытта әскери бөлімнің сарбазы қатардағы жауынгер Әлішер Махмет жағдайды жедел бағамдап, көмектесу үшін бірден суға түскен. Ақыры 2008 жылы туған баланы судан аман алып шықты.

«Су ортасында қалып, көмекке шақырған жігітті көріп, дереу әрекетке көштік. Өте маңызды шешім қабылдадым. Жолда шешініп, суға батып бара жатқан жасөспірімді жағаға шығару үшін суға секірдім. Кейін өтіп бара жатқан адамдар шақырған жедел жәрдем қызметкерлері де келді», деді мектеп оқушысын құтқарып қалған жауынгер Әлішер Махмет.