• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Білім 19 Маусым, 2024

Шығармашылық емтихан тапсыру уақыты белгілі болды

67 рет
көрсетілді

Шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер дәстүрлі түрде емтихан тапсырады, деп жазады Egemen.kz.

Шығармашылық емтиханға қатысу үшін ЖОО-ға өтініш 20 маусым - 10 тамыз аралығында қабылданады. 

Ал емтихан 7 шілде - 15 тамыз аралығында өтеді. 

Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысының талапкерлері шығармашылық емтиханды ҰБТ-дан кейін тапсырады.

Шығармашылық мамандық бойынша грант конкурсына қатысу үшін тек бір мамандық және бір жоғары оқу орнын таңдауға болады. Жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін басқа ЖОО-да тапсырылған емтихан нәтижесін қолдануға болады.

Ұлттық тестілеу орталығы қосымша сұрақтар туындаған жағдайда таңдаған ЖОО-ға хабарласу керек екенін еске салды.