• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 19 Маусым, 2024

Атырау облысында бөлім басшысы сотталды

102 рет
көрсетілді

Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы жауапкершілікке тартылды, деп жазады Egemen.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Атырау қаласының №2 сотымен облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы С. Джабасовқа қатысты сот үкімі жарияланды.

«Ол кәсіпкердің ақшасын алаяқтық жолмен жымқыруға оқталғаны және өндірісте екі қызметкердің қайтыс болуы фактісі бойынша оған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуға байланысты лауазымды адамдарға пара беруге итермелегені үшін сотталды», делінген ресми ақпаратта.

Сот үкімімен С. Джабасовқа мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алдын алу шаралары аясында процеске онлайн режимде еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері қосылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.