• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Жастар 20 Маусым, 2024

Жас буын қалай өзгереді?

106 рет
көрсетілді

Жастар тақырыбында әңгіме қозғала қалса, оң пікірмен қатар сын-ескертпелер де қатар айтылады. Себебі қай заманда да кейінгі толқынға үлкендердің көңілі толмаған. Жастардың киімінен бастап, шаш үлгісіне, сөйлеген сөздеріне дейін сын айтылып, мін тағылады. Заманына қарай адамы. Әр дәуірдің өз ерекшеліктері болады, жастары да бір-біріне ұқсамайды, бұл – заңдылық.

ХХІ ғасырдың жастары да – мүлде бөлек әлем. Күн са­йын құ­­былып, жаңарып отырған ақпараттық технологияның да­мы­ған кезеңінде жастар тез құ­был­малы, өзгермелі. Зырғыған заман ағымына ілесу де оңай емес. Алдыңғы буын ағалардың за­маны мен қазіргі буынды салыстыруға болмайды. Олардың өмірлік ұста­нымдарындағы, құндылықтары мен қызы­ғушылықтарындағы айыр­ма­шы­лық та жер мен көктей.

Бүгінгінің жастары жаңашыл­дық­қа бейім, жаңалыққа жаны құ­мар, өзін-­өзі дамытуға дайын. Қызығушылық­­тары да, құнды­лық­тары да индивидуа­­лизмге бағыт­талған – өмірлік қағида­лары жеке бастың қамын ойлау, мансап қуу, материалдық қажеттіліктерді жабу секілді мазмұнда болып келеді. Бұл олар рухани құндылықтардан ада деген сөз емес. Керісінше, жас­тар – әлемге ашық, жалпыадамзат­тық құн­дылықтарды қадірлейтін, өз өміріне жауапкершілікпен қарайтын толқын. Өзіне не кере­гін білетін, мақсатшыл, білім алуға, тіл үйренуге талпынатын, шы­ғармашылық бағытта да да­мығысы келетін, жеке қабілетте­рін ашуға ­тырысып, сол тұрғыда қандай қарым-қа­тынасқа да ашық жастар­дың қатары көбейіп келе­ді. Қай салада, қай бағытта болсын жетістікке жетуді қалайды. Өскелең ұрпақтың осылай өзгеруін өзімшілдікке балап, мін тағып жататындар көп.

Осы орайда «Жастардың өзге­рісі­не әсер етіп жатқан не?» деген заңды сұрақ туады. Оған жа­уап та белгілі – жаһандану дәуі­рі­нің ұшқыр дамуы, өзге халық­тардың мәдениетімен, құн­ды­лықтарымен танысуы, ақпарат­тық технологияның, әлеуметтік желілер­дің ықпалы. Әрі қазір ше­телде білім алуға, тәжірибе алма­суға мүмкін­дік көп. Қазақ жастары әлемдік деңгей­де білім жағынан бәсекеге қабілетті деу­ге толық негіз бар. Оған жастары­мыз­дың дүниежүзіне танымал университеттерде оқуы, ше­телдерде жұмыс істеуі дәлел. Мәселен, соң­ғы дерек­тер­ге сүйенсек, жыл сайын ел жастары­ның 8 мыңдайы шетел­ге кетеді екен. Олардың басым бө­лігі жоғары білімді. Демек қазақ жастарының білім деңгейі ше­телде білімін жалғастыруға, жұ­мыс істеуге жетеді деген сөз. Бұл – қуанарлық жағдай.

Кейде жастар кітап оқымайды деген пікірлер айтылып жатады. Қазір кітап дүкендері бұрынғыдай емес, көбейді. Кітап оқып, оны тал­дайтын клубтар да баршылық. Жас буын­ның кітап таңдауы да, талғамдары да ерек­­­ше. Кітаптың қолжетімді түрін, аудио­­кітаптарды тыңдап, электрон­ды нұс­қасын оқи­тындар да жетерлік. Әлеу­мет­тік желілерде де кітап оқитын жас­тардың көбейгенін байқауға бо­лады. Кітаптың орны бөлек, сондықтан кітап оқуда да қазіргі жастардың бел­сенділігі өте жақсы.

ХХІ ғасырдың жастарына ар­тыл­ған сенім өте жоғары. Мем­лекет пен ха­лықтың жастардан күтетіні – жа­һандану заманын­да басқа елдің мәдениетіне жұты­лып кетпей, білімді, тәрбиелі, бәсекеге қабі­летті болып, дамыған елдің жастарынан қалыспау. Ал олардың бойында ұлтқа деген құр­мет, туған жеріне, еліне деген сү­йіспеншілік бар ма? Ол – екін­ші мәселе. Ұлттық құндылықтар­ды бала кезінен бойына сіңіріп өскен адам­­ның жаһандық бәсекеге қабі­лет­тілігін қалай анықтауға болады? Тілін, мәдениетін, дәстү­рін, ата-бабадан келе жатқан ұлттық код ре­тінде қалыптасқан өзін­дік ерек­ше­­ліктерімізді мойындай ала­тын, ұлтым үшін қызмет етем деген жас­тардың орны қашанда басқалардан биік тұратыны анық. Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан «Ұлтына, жұртына қызмет қылу – білімнен емес, мінезден» дегенде, осыны меңзесе керек. Кезін­де Алаш зиялылары білімі мен ұлт­тық негізде алған тәрбиесінің арқасын­да халыққа қызмет етті. Сондық­тан да бойына ұлттық құндылықтар­ды сіңір­ген жастар ғана жаһан­дық бәсекеге қабі­летті болады.

Түптеп келгенде, жастардан талап ете бермей, олардың нені қа­лай­тынын, қажеттіліктерін бі­ліп, бақы­лап отыру қажет. Ол үшін әралуан сауалнамалар жүргізіліп жатады. Мем­лекеттік жастар сая­саты аясын­да түрлі бағытта жұ­мыс істеу үшін бұл аса маңызды. Сол­түстік Қазақстан облыстық «Қа­­зақ­станның бола­шағы үшін» қо­­ғамдық студенттер бірлестігі­нің төр­ағасы Р.Армановтың пікірін­ше, жастар арасында сауалнама жүргізу олар үшін қандай жобалар қызықты, өзекті және өздері қандай қосымша жобалар енгізгісі келетінін анықтауға көмектеседі. Бұл мемлекет үшін әрбір жастың пікірі маңызды екенін және оларды тыңдауға дайын екенін көрсетеді.

Алаш ақыны Мағжан Жұма­баев­тың: «Ұлт тәрбиесі баяғы­дан бері сы­налып, көп буын қол­да­нып келе жат­қан тақтақ жол бол­ғандықтан, әр­бір ұлттың баласы өз ұлтының ара­сында өз ұлты үшін қызмет қы­лу­ға міндетті», деген сөзін ұран етіп ұс­танған жас­­тарымыз көп болса, қа­зақ жас­тары ұлттық мүддені бірін­ші орын­ға қойып, туған жерінің игі­­лігі үшін қызмет етері анық. Туған жер, халық, отбасы, достық де­ген құн­ды­лықтарды да бүгінгі жас­тар­дың бо­йынан көруге бола­ды. Жастар – бо­ла­шақтың айнасы. «Жастарға қарап болашақ айқын­далады» деп халық айтқан­дай, қа­зіргі жастардың мойнын­дағы жа­уап­кершіліктің салмағы аз емес.

 

Лаура ХАЛЕЛ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті