• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 20 Маусым, 2024

Ақтөбеде зауыт жұмысшылары күйіп қалған

74 рет
көрсетілді

Ақтөбе ферроқорытпа зауытында 5 адамды күйік шалған. Төтенше жағдай 19 маусымда түстен кейінгі уақытта болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жедел жәрдем станциясына сағат 16:00-де зауыт медбикесі қоңырау шалған.

«42 жастағы ер адамның беті мен екі білегі күйіп, облыстық ауруханаға жеткізілді. Бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартты. Қолдары күйген 4 зардап шегушінің денелері 5 пайыздан 13 пайызға дейін күйіп қалған, олар травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр», деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

ТЖД және зауыттың баспасөз қызметі де кәсіпорында өрт болмағанын хабарлады.

AФЗ мәліметінше, жұмысшылар күлді тиеу кезінде күйіп қалған, олардың 2-еуі – мердігер мекеменің қызметкерлері. Оқиғаның мән-жайын уәкілетті органдар анықтап жатыр.