• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Маусым, 2024

Талдықорғанда ұландықтар жоғалған баланы тапты

72 рет
көрсетілді

19 маусым күні Талдықорған қаласының «Жастар» спорт кешенінің маңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне белгісіз азаматша жоғалған баласын табуға көмек сұрап келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұландық сарбаздар азаматшадан қысқаша мәлімет алып, әскери жасақ кезекшісіне баяндап, дереу іздеуге кіріскен. Шұғыл іздестіру іс-шараларының нәтижесінде әскери жасақ кезекшісі капитан Дайыр Әбукенов, әскери жасақ бастығы қатардағы Әсет Жаңабай және патрульдеуші сақшылар Рамазан Серікбай мен Әлихан Аманжол жоғалған баланы жарты сағат ішінде тапқан.

«Анасынан жоғалған балақай туралы белгілерді сұрап алғаннан кейін бірден іздеуге кірістік. Кешкі уақыт болғандықтан көшеде адам көп болды. Жан-жақты барлау кезінде сырт келбеті жоғалған баланың киімі, бойы, жасына сәйкес келетін баланы байқап қалдық. Нақтыланған соң, көмек сұраған азаматшаға хабарласып, баласын табыстадық», дейді капитан Д.Әбукенов.

Баласымен қауышқан ана сарбаздарға алғыс білдіріп, 5514 әскери бөлім командирінің атына хат жолдады.

Соңғы жаңалықтар