• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Бокс 21 Маусым, 2024

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы жаттығу жиынын бастады

110 рет
көрсетілді

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Париж Олимпиадасына дайындық жүргізу мақсатында кезекті жаттығу жиынын бастады, деп жазады Egemen.kz  Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Ұлттық  құрама спортшылары Алматы облысындағы Жанашыр ауылында жаттығып жатыр. 

Бапкер Елдос Сайдалин бастаған бұрымды боксшылар құрамасы мұнда 2 шілдеге дейін физикалық бабын шыңдайды. 

Олимпиада қарсаңындағы соңғы жиын да дәл осы базада ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр. 

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер командасынан Париж Олимпидасында: Назым Қызайбай (50 келі), Карина Ибригаимова (57 келі) және Валентина Хальзова (75 келі) бақ сынайды.