• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2015

Кең өрісті құжат

282 рет
көрсетілді

Қазақстан басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы – нақты істерге негіз­­дел­ген тарихи құжат. Оны оқи оты­рып, Қазақстанның болашаққа деген батыл ұмтылысын анық аңғардым. Шын мәнінде, Қазақстан Президентінің Жолдауынан сырт қалған мәселе жоқ. Онда әлеуметтік-тұрмыстық түйткілдердің барлы­ғы атап көрсетіліп, одан шығу­дың жолдары айқындалған. Қа­зақ­станның барлық аймағын са­палы жолдармен байланыстыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, индустриялық инфра­құры­лымдарды қалыптастыру, әлеуметтік саладағы: білім беру, денсаулық сақтау, жастарға қолдау көрсету мәселелеріне айрықша мән беру, халықты тұрғын үймен қамту, әр отбасының әлеуметтік тұрмысын жақсарту Жолдаудың басым бағыттары болып отыр. Мен Түркия мемлекетінің аза­маты болсам да, өмірімнің ең маңызды кезеңдері Қазақстанмен бай­ланысты өтіп келеді. Осы елде білім алдым, алғашқы еңбек жолым­ды бастадым, перзенттерімді де қазақ топырағында өсіріп жатырмын. Мен де Қазақ елінің дамуына үлес қосушы азамат ретінде Мемлекет басшысының Жолдауындағы «Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік, берекесі», – деген терең мағыналы тұжырымды қуаттаймын. Президент үнемі еліміздегі ішкі бірлікті нығайтуға, ұлттар татулығына селкеу түсірмеуге, ұлт пен ұлыстардың татулығы мен бірлігі мемлекет тұрақтылығының кілті екендігін әрдайым есте сақтауға шақырып келеді. Осы Жолдауда да ел бірлігіне айырықша назар аударылған. Жалпы, Нұрсұлтан Назар­баевтың мән-маңызы жоғары Жолдауы Қазақстанның өркендеуіне серпіліс беретініне, елді жарқын болашаққа бастайтынына сенімім зор. Бұл құжатта қамтылған мәселелерді барша қазақстандық терең ұғына білсе, елдің өрісі кеңейіп, өркені өсе түсері сөзсіз. Орхан ОЗТОМСУК, «Нұр Орда» қазақ-түрік лицей кешенінің директоры. АСТАНА.