Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарыарқа-Ә.Жангелдин көшелері қиылысында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қала әкімдігінің хабарламасы бойынша, 24 маусым күні сағат 07:00-ден бастап 25 маусым сағат 07:00-ге дейін аталған қиылыс толығымен жабылады.
Тұрғындар мен қонақтардан қала жолдарында кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрап отыр.