• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Маусым, 2024

Еліміздің әр бесінші азаматы мемлекеттен әлеуметтік қолдау алады - Т.Дүйсенова

130 рет
көрсетілді

Бүгінде әлеуметтік қолдау қызметінің 27 түрі проактивті форматта жүзеге асады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгінде әрбір бесінші азамат мемлекеттен әлеуметтік қолдау алады. Цифрлық өнімдерді енгізу - қызметтердің қолжетімділігін арттырады. Өткен жылы бұл саладағы цифрландыру нәтижелері халықаралық институттар, Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан оң бағаланып, өзге елдерге үлгі болды. Бүгінде әлеуметтік қолдаудың басым бөлігі (27 түрі) проактивті форматта жүзеге асырылып жатыр», деді Тамара Дүйсенова.

Вице-премьер Мемлекет басшысының былтырғы жолдауында жарияланған және депутаттардың қолдауына ие болған зиянды еңбек жағдайлары бар жұмысшыларға арналған арнайы үстемақы жыл басынан бері төлене бастағанын еске салды.

Сондай-ақ Вице-премьер сауалдардың басым бөлігі мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты екенін айтты. Бұл салада әлеуметтік төлемдердің барлық түрлері, яғни мүгедектік бойынша жәрдемақы, мүгедек балаға немесе азаматқа күтім жасау жәрдемақысы, өтемақы жабдықтарына қаражат толығымен шешілгенін атап өтті.

«Мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржы көлемі - 320 млрд теңге (273,3 млрд теңге – республикалық бюджет және әлеуметтік сақтандыру қоры, 46,3 млрд теңге – жергілікті бюджет), 800 мыңға жуық азаматқа қолдау көрсетіліп жатыр», деп түйіндеді Тамара Дүйсенова.