Жол-көлік оқиғасы Мақатаев - Масанчи көшелерінің қиылысында болған.
Желіде тараған суреттерден қоғамдық көліктің аялдама маңындағы дүкенге соғылғанын байқауға болады.
Төтенше жағдай болған жерге бірнеше жедел жәрдем көлігі жеткен.
Алматы қалалық полициясы апатқа қатысты ақпарат жинақталып жатқанын хабарлады.