Бүгін Алматы қаласындағы Мақатаев - Масанчи көшелерінің қиылысында автобус апаты болғанын хабарлаған едік. Апат салдарынан 1 адам көз жұмып, 16 адам зардап шеккені анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Қалалық Полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, жол-көлік оқиғасы сағат 14:20 шамасында болған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, «Kia» көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта өтіп бара жатып, «Сity-Bus» ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-ші бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысып, артынша кедергіге соғылған», делінген полиция өкілдерінің түсініктемесінде.
Кісі өлімі болған апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.