27 маусымға қараған түні Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан төрт адам көз жұмды, деп жазады Egemen.kz.
Жол апаты салдарынан 2002 және 2003 жылы туған төрт жігіт оқиға орнында жан тапсырды. Бесіншісі жолаушы облыстық ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккеннің жағдайы өте ауыр.
Қазір қайғылы оқиға болған жерде жол полициясының қызметкерлері, анықтаушы мен криминалист жұмыс істеп жүр.