• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Маусым, 2024

Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды

83 рет
көрсетілді

Бүгін Сенат депутаттары Мемлекет басшысының ұсынуымен Жоғарғы Сот судьясы Нұрлан Сұлтановты қызметінен босатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Сенаттың бүгінгі жалпы отырысында Жоғарғы Сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп Мемлекет басшысының Жоғарғы Сот судьясы Нұрлан Сұлтановты қызметінен босату туралы ұсынысын ортаға салды.

«Сенаттың қарауына Мемлекет басшысының Жоғарғы Сот судьясы Нұрлан Сұлтановты отставкаға кетуіне байланысты қызметтен босату туралы ұсынысы енгізілді. Нұрлан Сұлтанов отставкаға кетуге ниет білдірді», деді Денис Шипп.

Сенат мүшелері ұсынысты қолдап, бірауыздан дауыс берді.