• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Маусым, 2024

Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеген азаматтар жәрдемақы алды

220 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зиянды еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін қанша Қазақстан азаматы арнайы әлеуметтік төлем алғанын мәлімдеді,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл басынан бері 8 476 азамат зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істегені үшін  әлеуметтік төлем алды. Бұл төлемді алуға барлығы 9 мыңнан астам адам өтініш білдірген.

Бюджет және зейнетақы қорынан әлеуметтік төлем тағайындауға 2 840 адам, ал бюджет, зейнетақы қоры, жұмыс берушінің өзі және сақтандыру компаниясына төлем тағайындауға 6 415 адам жүгінген.

Міндетті шарттарды орындамағаны үшін 342 адамға арнаулы әлеуметтік төлем беруге бас тартылған.

Өңірлердің ішінде Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында әлеуметтік төлем алуға өтініш білдірушілер көп болды.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда ұзақ уақыт зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілген болатын. Оны алу үшін 55 жасқа толып, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жеті жыл бойы кәсіби зейнетақы жарналарын аудару керек. Орташа төлем жалпы алғанда 208 мың теңгеден асады. Төлемдер зейнеткерлік жасқа дейін төленеді.