• RUB:
    5.4
  • USD:
    471.83
  • EUR:
    505.66
Басты сайтқа өту
Университет 01 Шілде, 2024

Maqsut Narikbayev University 694 түлегін шығарып салды

67 рет
көрсетілді

Maqsut Narikbayev University биылғы түлектерінің бітіру кеші 29 маусымда өтті. Университетті тәмамдаған 694 түлектің 39-ы – шетелдік студент, деп жазады Egemen.kz.

Аталған университеттің баспасөз қызметі мәлім еткендей биыл MNU студенттері QAA арқылы аккредиттелген, яғни Ұлыбританияның жоғары білім беру сапасының стандарттарына сәйкес келетін дипломдарын қолдарына алды.

Мереке дәстүрлі түрде университеттің орталық Фемида алаңында өтті. MNU Провосты Сергей Пен бірінші кезекте сөз алып, түлектерді университетті аяқтауымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Бүгін әрбіріңіздің жаһанды жақсартуға атсалыса алатындығыңызға кепіл болатын дипломдарыңызды қолдарыңызға аласыздар. Әлем тұрғындарының саны 8 миллиард болса, сіздер солардың ішіндегі – 694 жүйрігісіздер. Себебі сіздер – MNU түлектерісіздер. Біз баршаңызға сенім артып отырмыз, ал жетістіктеріңіз жақындарыңызға, біздің университетке мақтаныш болатыны анық. Өмірлік және кәсіби жолда даналық пен абырой биігіне көтеріліңіздер», деді Сергей Пен.

Сондай-ақ MNU студенттері бар ықыласпен Отан үшін еңбектенуге, патриотизм, адалдық пен әділдікті алға тартуға ант берді. Дәстүр бойынша Фемида мүсінінің жанындағы Орталық алаңға «жұлдыз» қойылып, бұл түлектер буыны университет тарихына мәңгілікке енді.

Іс-шараның арнайы қонағы, Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров түлектерді құттықтады.

«Сіздер үздік университеттің шәкіртісіздер! Егер сіз өз ортаңыздың ең ақылдысы болып көрінсеңіз, демек, қоршаған қауымыңызды өзгертуіңіз керек. Әрдайым өзіңізден әлдеқайда ақылды, тәжірибелі адамдармен сөйлесіңіз. Баршаңызға бақыт тілеймін. Бұл жаһан қанша кең көрінгенімен, сіздер алар асу алда!», деді Мәжіліс депутаты.

Салтанатты іс-шара сахнасында белгілі әнші Дастан Оразбеков ән шырқап, мерекелік көңіл-күй үстеді.