Атырау облысында су деңгейінің төмендеуіне байланысты гидрологиялық ақпарат тарату шаралары тоқтатылады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК аймақтағы филиалы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«2024 жылғы 1 шілдеден бастап, Атырау облысының барлық гидрологиялық бекеттерінде су деңгейінің тұрақты төмендеуіне байланысты, ақпаратты бюллетень түрінде беру тоқтатылады», делінген хабарламада.