Солтүстік Қазақстан облысында полиция департаменті ауруханасының басшысы ұсталды. Бұған дейін әлеуметтік желілерде аурухана басшысының пара алды деген күдікке ілінгені туралы хабарлама тараған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аурухана басшысының ұсталғанын растады.
«Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», деп түсіндірді департамент өкілдері.
Бұған дейін желіде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері СҚО қорғаныс істері департаментінің басшысын ұстады деген ақпарат тараған. Алайда ANTIKOR бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ.