• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Шілде, 2024

«Шотыңыз бұғатталды»: Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

138 рет
көрсетілді

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын айтып, ел азаматтарын қырағы болуға шақырды. Бұл жолы алаяқтар өздерін жалған сот орындаушылары ретінде таныстырып, берешегін өтеуді талап етіп жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талғат Уәли елімізде алаяқтық фактілері жиілеп кеткенін айтты.

«Жалған қызметкерлер азаматтардан қарыздарын өтеуді талап етіп, өздерін сот орындаушысы ретінде таныстырып, шоттардың, мүліктің бұғатталғаны туралы хабарлайды. Егер сізге осындай қоңырау түссе немесе хабарлама келсе, ақпаратты Әділет министрлігінің, республикалық және өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының ресми сайттарында өз бетіңізше тексеріп, қажет болған жағдайда банкке қоңырау шалуды ұсынамыз», деді Талғат Уәли.

Оның айтуынша, деректерді атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде дербес тексеруге болады. Бұл сайтты интернет-браузер арқылы кез келген іздеу жүйесінен табуға болады.

«Егер сіз борышкер болсаңыз, онда сіздің қарызыңыз туралы ақпарат, сот орындаушысының аты-жөні және оның телефоны көрсетіледі. Егер сіз борышкер болмасаңыз, онда қызғылт сары түспен «сұраныс бойынша ештеңе табылмады» деген жазу шығады. Бұл сіздің шоттарыңыз бен мүліктеріңізге ешкім тыйым сала алмайтынын білдіреді. Тек ресми дереккөздерге сеніңіз, деректерді белгісіз тұлғаларға бермеңіз», деп нақтылады ведомство өкілі.