• RUB:
    6.17
  • USD:
    471.04
  • EUR:
    538.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Шілде, 2024

Оралда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, бір адам көз жұмды

1 шілде күні Орал қаласында жеңіл машина жедел жәрдем көлігімен соғысты. Салдарынан бір адам көз жұмды, деп жазады Egemen.kz.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 22:00 шамасында  А.Черекаев көшесінде болған.

«ВАЗ-21099» және «Хундай» жедел жәрдем көлігінің апатынан алғашқы көліктің тізгіншісі басқа медициналық көлікте көз жұмды.

«Жеңіл көлікте отырған жолаушы қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. Қазір ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген БҚО полиция департаментінің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар