• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Шілде, 2024

Батыс Қазақстанда 2 жасар баланы жылқы теуіп өлтірді

94 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында 2 жасар ұл баланы жылқы теуіп өлтірді. Бәйтерек ауданы Щапов ауылы тұрғындарының сөзіне қарағанда, жазатайым оқиға 30 маусым күні түс ауа болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үйінің есігінің алдында жүрген баланы жылқы тепкен. Оқиғаны көрші әйел көрген. Баланы ата-анасы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізгенмен, өмірін сақтап қала алмаған. 

Марқұм бүгін жерленді.

Щапов ауылдық округінің әкімі Біржан Нұрбайыров пен аудандық полиция бөлімінің бастығы Төребек Маратов оқиғаның болғанын растады.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты кейін беретінін жеткізді.