Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді әуежайда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. ШЫҰ-ны 2001 жылы алты мемлекет — Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан құрған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан, Пәкістан елдері қосылды. 5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5%-ға өсіп, $66 млрд құрады. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі $19,1 млрд құрады. Осы кезеңде Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы $7,4 млрд құрады.