• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 03 Шілде, 2024

Жарты жылдағы жағымды үрдіс

89 рет
көрсетілді

Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына қатысты жағдайдың қорытындылары талқыланып, күзгі және көктемгі тұрақтандыру қорларында көкөніс қорларын қалыптастыру барысы талқыланды.

Жартыжылдық қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақты дефляциясы байқалады: мау­сымда орташа баға индексі 0,3%-ға төмендеді, ал жыл басынан бері жалпы 0,2%-ға төмендеді. Бағаның төмендеу үрдісі жалғасуда. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, соңғы аптада бағалар орташа тағы 0,1%-ға төмендеді, әсіресе, 9 тауар бойынша: сәбіз (1,5%), қарақұмық жармасы (0,8%), ұн (0,7%), сүт (0,5%), тауық еті (0,2%), күріш, сиыр еті, тұз және қант (0,1%). Бағаның төмендеуі 10 облыста байқалады. Айтарлықтай төмендеу Маңғыстау облысында (0,4%) және Павлодар облысында (0,3%) байқалды.

Ауыл шаруашылығы вице-ми­нистрі Ербол Тасжүреков өңірлердегі ерте пісетін өнімдерге келісімшарт жасау барысын баяндады. Қазіргі уақыт­та әкімдіктер маусым-шілде айлары­на ерте пісетін көкөністерге 37 мың тонна көлемінде форвардтық келісімшарттар жасасты. Вице-министр 1 тамызға дейін өңірлер күзгі өнімді форвард­тық сатып алу аясында ауыл шаруашы­лығы өндірушілерін қаржыландыру қажеттігін, фермерлердің жеңіл­детілген қаражатты уақтылы алуын қамтамасыз ету керек екенін атап өтті.