• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Экономика 04 Шілде, 2024

Ұлттық экономика және өңір мүмкіндігі

87 рет
көрсетілді

Сенат депутаттары Сұлтан Дүйсембинов пен Ғалиасқар Сарыбаев Жетісу облысының Қара­тал ауданының тұрғын­дарымен кездесу өткі­зіп, әлеуметтік маңызы бар бірнеше нысанда болды.

Сенаторлар Бастөбе ауы­лын­дағы шикі мұнайды қайта өң­деу мен мазутты терең өңдеуге маманданған жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Секвойя плюс» жабдықтарын жаңғырту барысымен, орталық аудандық ауруханадағы күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталуымен, сондай-ақ Үштөбе қаласын­дағы гуманитарлық колледждің жұмы­сымен танысты.

«Мұнай өңдеу зауыты аудан экономикасына да, жалпы Жетісу облысы үшін де стратегия­лық маңызға ие. Жабдықты жаңғырту қайта өңдеу үдері­сін жақсартуға, атмосфераға зиян­ды шығарындыны азайту­ға, ауыл тұрғындарына жаңа жұмыс орындарын ашуға мүм­кіндік береді», деді сенатор С.Дүйсембинов.

Депутаттар аудандық ауруха­­надағы күрделі жөндеуді жеделдетудің маңызына, сондай-ақ гуманитарлық колледжде педагог кадрларды даярлау сапасына жергілікті атқарушы органдардың назарын аударды.

«Аудандық аурухана халық­қа медициналық қызмет көрсе­теді. Медициналық көмек көр­сету сапасын жақсарту үшін жөн­деу­ді тез арада аяқтау жөнін­де­гі барлық шараны жүзеге асыру керек, ал колледж педагог кадр­ларды жоғары деңгейде даяр­лауға тиіс. Балаларымыздың тағ­дыры мен еліміздің бола­ша­ғы осыған байланысты», деп ­атап өтті Ғалиасқар Сарыбаев.