• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Шілде, 2024

Көпвекторлық саясат – стратегиялық қажеттілік

93 рет
көрсетілді

Астанада еліміздің төр­аға­лы­ғымен Шанхай ын­тымақтастық ұйымының кезекті жиыны өтіп жатыр. Геосаяси өзге­рістер мен шие­­леністер ке­зеңіндегі бұл саммит күн тәртібіндегі өзекті мәселесімен тарихқа енері сөзсіз.

Астана саммиті алғаш рет Мемлекет басшылары Кеңе­сінің отырысы және «ШЫҰ +» кездесуі форматында өтеді. Со­нымен қатар араб әлемі елдері басшыларының саммитке қаты­суы – тарихи оқиға.

2001 жылы «Шанхай бестігі» базасында ұйымдастырылған ШЫҰ әскери мақсаттар мен мін­деттерді көздемей, жиырма жыл­дан астам уақыт бойы ха­лық­­аралық ынтымақтастыққа, ай­мақтағы бейбітшілікті, тұ­рақ­ты­лық пен қауіпсіздікті қол­дау­ға, экономикалық және гума­ни­­тарлық ынтымақтастықты да­мытуға бағытталған ашық ұйым болды.

Еліміз – мемлекеттік және ұлттық мүдделерін ескере оты­рып, әлемнің барлық дер­лік елі­мен тең және достық қарым-қаты­нас орната алған мем­лекеттердің бірі. Көп­векторлы сыртқы саясаты­мыз әлемге өзінің баламасы жоқ екенін, сұранысын дәлел­дейді. Еліміз жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті нығай­туға, дағдарыстарды реттеуге, мә­дениетаралық диалогке және ор­­нықты даму мақсаттарына қол жет­кізуге елеулі үлес қосып келеді.

2023 жылы сыртқы сая­си қызмет еліміз үшін өте қар­қынды және нәтижелі болды. Жыл бойы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапармен, ресми сапарлармен Біріккен Араб Әмірліктеріне, Вьетнамға, Гер­манияға, Қытайға, жұмыс сапар­ларымен Түркия, Сауд Ара­бия­сы, Тәжікстан, Ресей, АҚШ, Қырғызстан, Бе­ларусь, Әзербай­жан, БАӘ елдеріне бар­ды. Сапарлар барысында мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар шарттар мен меморандумдар жасалды.

Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерімен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуды жалғастырды. Сауда-эконо­ми­калық, инвестициялық, көлік-коммуникациялық, су-энер­­гетикалық және гумани­тар­лық салалардағы өңірлік өзара іс-қи­мылы кеңейіп жатыр. Орталық Азия бестігі «ОА+» халықаралық серіктестермен ынтымақтастық форматын жоғары деңгейде айтарлықтай нығайтты, соның ішінде Қытай және АҚШ-пен бірқатар кездесу өткізді. Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйы­мының мерейтойлық сам­ми­ті Орталық Азия, Әзербай­жан мен Түркияның бауырлас ха­лық­тарының саяси, эконо­ми­калық және мәдени өзара іс-қимылын жаңа деңгейге көтеретін Түркі әлемін одан әрі интеграциялауға бағытталған бағыттың мызғымастығын тағы да көрсетті.

Еліміз өзімізде де, бүкіл әлемде де экономикалық, саяси және мәдени жағдайға оң әсер ететін диалог алаңдарын, форумдарды, саммиттер мен кеңестерді ұйымдастырушы ретінде бүкіл әлемге белгілі. Сонымен қатар, түрлі халықаралық ұйым­дар мен альянстарға төрағалық етуі­міз елімізге өз пі­кі­рінің әлем­дік қоғамдастық дең­гейінде еске­рілетіндей түрлі жаһандық бастамалар ұсынуға мүмкіндік береді. «Көпжақты диалогті нығайту – тұрақты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу» тақырыбында «ШЫҰ +» кез­де­суін өткізу де осының жар­қын дәлелі.

Кейінгі жылдары жаһандық поляризация күшейіп, геосая­си шиеленіс, экономикалық теңсіздік және мәдени айырма­шылықтар сияқты әртүрлі фор­­маларда көрінді. Бұл үрдіс ха­лық­аралық ынтымақтастыққа ке­дергі келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар қақтығыстарды күшейтеді және жаһандық дамуға зиян тигізеді. Бұл тұр­ғыда, әсіресе Орталық Азия сияқ­ты стратегиялық маңыз­ды ай­мақтардағы елдердің осы бө­ліну күштеріне қарсы тұру­дың тиімді стратегияларын зерт­теуі өте маңызды. Сондай стра­те­гиялардың бірі – көптеген әлемдік державалармен, ай­­мақтық құрылымдармен тең­дес­ті­рілген өзара әрекеттесуді көз­дейтін көпвекторлық тәсіл. Сонымен қатар Шанхай ынты­мақтастық ұйымы сияқты ұйым­дар мүше мемлекеттер арасын­дағы ынтымақтастық пен тұ­рақтылықты нығайтуда шешуші рөл атқарады.

Қазіргі уақытта көпвек­торлық – сыртқы саясаттың құралы ғана емес, сонымен қа­тар халық­ара­лық аренадағы стратегия­лық қажеттілік. Әлем­­дік держа­ва­лар­мен байла­ныс пен ынтымақ­тастықтың ашық арналарын қол­дай отырып, елдер өз қауіпсіз­дігін, эко­но­микалық өсуді жеделдете және халықаралық аренада келіс­сөздер күшін арттыра алады.

Тарихи тұрғыдан әлемдік мемлекеттер арасында теңдес­тірілген қарым-қатынаста болған еліміз үшін көпвекторлық оның сырт­қы саясатының негізі болып қала береді. Мұндай тәсіл бізге ше­телдік инвестицияларды тартуға, технологиялармен алмасуға, ірі халықаралық пікірталастарда дауыс беру құқығын алуға мүм­кіндік берді. Осылайша, өзінің егемендігін нығайтып, жаһандық ықпалын кеңейте түсті. Өсіп келе жатқан жаһандық поляризация жағдайында ШЫҰ қақтығыстарға емес, диалог пен консенсусқа басымдық беретін көпжақтылықтың үлгісі бола алатыны сөзсіз. ШЫҰ-ның терроризмге қарсы күрес, шекара қауіпсіздігі және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы бастамалары өңірлік тұрақтылықты ұйымдастыруға ниетті екенінің айғағы. ШЫҰ мүше мемлекеттерге аймақтық интеграция мен өркендеу үшін өмірлік маңызы бар инфрақұрылымдық жобалар, энергия ресурстарын барлау және сауда келісімдері бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін ұсына отырып, экономикалық ынтымақтастықтың негізін қамтамасыз етеді.

Қазіргі жаһандық ланд­шафт­та көпвекторлықты қабыл­дау, ШЫҰ сияқты көп­жақ­­ты ұйымдарды нығайту поля­ризацияның әсерін азайтуды көздейтін елдер үшін маңызды. Поляризация үрдісіне қарсы тұру бірнеше негізгі стратегия­ны қамтитын кешенді тәсілді қажет етеді. Бірінші кезекте елдер барлық мемлекет және ха­лық­аралық ұйыммен сыртқы қа­ты­настарды дамыту жолымен бір әріптеске, ұйымға, блокке тәуел­ділікпен байланысты тәуекел­дерді азайту жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Осылайша, Қазақ­стан­ның үлгісі бойынша сыртқы саясаттың көпвекторлығы мен әртараптандырылуына көшу керек.

БҰҰ, ШЫҰ, ЕО, АСЕАН бас­қа да халықаралық ұйымдар мен платформаларды дамыту және қолдау жанжалдарды реттеуге, дипломатиялық диалогті ілге­рілетуге және көпжақты инс­титуттарды нығайта отырып, халықаралық күш-жігерді үйлес­тіруге ықпал етеді.

Еларалық қарым-қатынаста ашық және жан-жақты диалог жүргізу керек. Жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулер мен дипломатиялық арналарды пайдалану тек жақсы қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді және қақтығыстардың пайда болуына жол бермейді.

Экономикалық және қауіп­­сіз­дік саласындағы ын­ты­­мақ­тастық поляризация дең­гейінің айтар­лықтай төмен­деуіне, тұрақты және бей­біт қатынастардың сақ­та­луына ықпал етеді. Сонымен қа­тар ШЫҰ халықтар арасын­дағы түсіністік пен құрметке, шие­леністі азайтуға, бар таптау­рындарды жоюға ықпал ететін бірлескен білім беру және мәдени алмасу жобаларын қосу үшін күн тәртібін кеңейтуі керек.

Осы бағыт бойынша тәжі­рибе Қытай мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынаста қалыптасқан. «Бір белдеу, бір жол» бастамасын және басқа да жобаларды іске асыру, елдерге еркін бару үшін жағ­дай жасау, мәдени орта­лық­тарды өзара ашу, табысты экономикалық, көліктік-логис­тикалық және басқа да өзара іс-қимыл оң нәтиже береді.

Еліміз басқа мемлекеттер ара­сындағы қатынастарды нығай­ту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Өт­кен сессия барысында ғана Парламент Сена­тының депутаттары қылмыстық істер бойынша көмек көрсету, виза­сыз режім белгілеу, халық­ара­лық көлік тасымалдарын дамыту, балық аулау субсидияла­ры және т.б. салалардағы халық­ара­лық шарт­тарды, хаттамаларды, келі­сім­дерді ратификация­лау тура­­лы 40-тан астам Қазақстан Рес­пуб­ликасының заңын мақұлдады.

Саммит халықаралық қаты­нас­тарға жаңа серпін беріп, алға қойылған міндеттерге қол жет­кізуде, әлемнің тұрақты жалпы формуласын қалыптастыруда өзінің елеулі нәтижесін береді деп санаймыз.

Ғалиасқар САРЫБАЕВ,Сенат депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі