Ұлттық спорт • 04 Шілде, 2024

Садақ атудан Астанада халықаралық турнир өтті

75 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маусымның 27-сі – шілденің 2-сі күндері елорда төрінде садақ атудан халықаралық жарыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Садақ атудан Астанада халықаралық турнир өтті

Фото: sport_basqarmasy_astana

Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше Оңтүстік Корея, Ресей, Беларусь, БАӘ және тағы басқа елдер бас қосқан айтулы жарыс 5 күнге жалғасты. Классикалық және блоктық садақ атудан ересектер, 18 жасқа дейінгілер және 21 жасқа дейінгілер арасында 11 жүлде (алтын медаль) жиынтығы сарапқа салынды.

Жалпы жүлде кестесі:

Олимпиада бағдарламасына кірмейтін блоктық садақ ату. 50 метр

Ресей — 3 алтын
Қазақстан — 2 алтын, 5 күміс, 4 қола
БАӘ — 1 қола

Олимпиада бағдарламасына кіретін классикалық садақ ату. 75 метр

Қазақстан — 3 алтын, 4 күміс, 5 қола
Беларусь — 2 алтын, 1 қола
Ресей — 1 алтын, 2 күміс

Айта кетсек, садақ атудан гран-при бәсекесі осымен Астанада үшінші мәрте өтті.